Шымкент зообағы Астананың 20 жылдығына – 20 аң сыйға тартты

1275

Еліміздің Ақордасы Астананың 20 жылдығына шымкенттік зообақ ұжымы мен қалалықтар 20 аң сыйға тартты. Бүгін Шымкент зообағында атқарылып жатқан жұмыстармен облыс басшысы Жансейіт Түймебаев арнайы танысты. Сондай – ақ, осы күні өңір басшысы киелі Қошқар ата өзенінің абаттандыру жұмыстарының барысымен де танысты.

1980 жылы ашылған зообақта бүгінде 249 түрлі 2 жарым мыңдай жан — жануарлар бар. Аң түрлері жыл санап артуда. Саябақтағы Африка аумағының ашылуына байланысты жан- жануарлармен толықтыру мақсатында Еуразия құрамындағы зообақтардан аңдарға тағы сұраныс берілген. Яғни, аң түрлерінің саны тағы да артпақ. Зообақтың ахуалымен танысуға келген облыс әкімі бұл шараның бәрі ел ертеңі балалар үшін жасалып жатқанын айтты. Осы күні мұнда келген бүлдіршіндер де мәз болысты, оларға балмұздақ таратылды.

Зообақты қайта құру жұмыстары 2010 жылы басталған. Африка аумағы мен Тау экспозициясы жоспарлы кезеңде аяқталған. Қазіргі уақытта 9 вольердің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Зообақта жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген өңір басшысы киелі Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысының барысын да кезекті рет көріп шықты.

3 млн. халқы бар Оңтүстіктің орталығы — Шымкент қаласы миллион тұрғыны бар үшінші қала қатарына қосылды. Мегаполисте демалыс орындары жеткіліксіз, сол себепті қаланың кез- келген аумағында көпшіліктің демалатын жері көп болуы тиіс. Жақында Асқаров және Бейбітшілік көшелерінде салынатын арбаттың жобалары да назарға ұсынылды.

Нұрлан Күдерұлы