Шымкентте жасөспірім 6 жасар балақайды зорлады деп айыпталуда. Бұл оқиға 2018 жылдың 4-ші мамырында орын алған. Алдын ала болжам бойынша 14 жастағы жасөспірім 6 жастағы баланы алдап құрылыс аумағына ертіп келген.
Қазіргі таңда кәмелетке толмаған бозбала балаға жыныстық сипаттағы зорлық жасады деп күдікті ретінде танылды. Полициядағылар бұл жәйт бойынша ҚР ҚК — нің 121 бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын айтады. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Қазіргі таңда екі бала да ата аналарының қамқорлығында.
ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығының мәліметі бойынша ОҚО — да 18 кәмелетке толмағандарға қатысты осы тақілеттес іс тіркелген.