Шағынауданда шөп өртенді

8 маусым күні таңғы сағат 10:50- де 101 нөмеріне өрт шыққандағы туралы суыт хабар түскен. Диспетчерге Сарсенбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағындағы шөптің өртенгені туралы айтылған.

Шарпыған қызыл алау құрылыс алаңына қауіп төндірген. Абырой болғанда оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір төтеншеліктер өрттің шығу себебін анықтауда.