Солтүстік Қазақстан облысында мектептер жабылып жатыр

425

Солтүстік Қазақстан облысында мектептер жабылып жатыр. Өңірде экономикалық белсенді халық аз болғандықтан кадр тапшылығы сезілуде. Аймақтан жұмыс күшін тарту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін арнайы келген делегация өкілдері осылай деп отыр.

Жұмысшы топ Түлкібас, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарына іс сапар жасап, халыққа түсіндіру шараларын ұйымдастыруда. Сала мамандарының сөзіне қарағанда, өңірге мұғалімдер, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлер жетіспейді. Тіпті прокуратура, ішкі істер органдарында да басшылық қызметтер бос тұр дейді делегация өкілдері. Қоныс аударушылар баспаналармен қамтылып, мемлекеттік қолдауларға қол жеткізеді.

Төлеген Сәрсенов, «Нұр Отан» партиясының Железное аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Ауыл шаруашылығын түлету үшін жер телімдері беріледі. Егістік жерлер мен жайылымдық жерлер береміз. Бір реттік қаржылай көмектер көрсетіледі. Бізге көшіп келген тұрғындардың барлығы жұмыспен қамтылған, баспаналарын алған. Біз келем деушілерге барлық жағдайды жасаймыз».