ОҚО ІІД ЖПҚ-нен Анықтау басқармасына 19 маусым күні Шымкент қ. Абай ауданының аумағында а.ж. 14 маусым күні орын алған жол-көлік оқиғасы туралы материал келіп түсті. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлайды.
«Тойотоа камри» мен егде жастағы велосипедшінің соқтығысуынан орын алған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде соңғысы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Арада 5 күн өткен соң, зейнеткер есін жимастан ауруханада көз жұмды.
Аталған жайт ОҚО ІІД-де «жол жүрісі ережелерін бұзу» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Анықтаушылармен сараптамалар тағайындалды, нәтижесінде процессуалды шешім қабылданатын болады.