Ынтымағы жарасқан елдің тірлігі де тындырымды

566
Оңтүстік өңірінің этно-мәдени бірлестіктерінің жетекшілері Шымкентте бас қосты

Облыстық этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жастар қанатының мүшелерінің басын қосқан жиын Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында өтті.

Жиналғандар Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының 26 сессиясында жүктеген міндеттерді орындау барысын талқылады. Өзбек этно-мәдени орталығының өкілдері жастарға жасалған жағдайды тиімді пайдалануға шақырды.

Гуль-Рано Расулова, облыстыө өзбек этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары

Гульрано Расулова, Түркістан облысының өзбек этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары: «Балалардың білімін жетілдіруге үлкен мән берудеміз. Міне, ҰБТ-ның  қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған балаларды, ата-аналарын салтанатты түрде марапаттаймыз. Бұл шара өзгелерді  де ынталандырады деген сенімдеміз».

Жиынға қатысушылар Елбасы мақаласындағы тапсырмаларды өз деңгейінде нақты іске асыру жолын таразылады. Тұрмысты түзеуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында Ассамблеяның әр мүшесі өз отбасын сақтауға, татулықты ту етуге сөз байласты.

Мәуліт Имінқызы, ұйғыр этно-мәдени орталығының мүшесі: «Мен Елбасымызға, қазақ халқына үлкен алғысымды білдіремін. Бізді мұнда ешкім бөліп жармайды, қазақ халқымен бізге де тең мүмкіндік берген, балаларымыз да осында білім алуда. Өзім қазаққа тұрмысқа шыққанмын. Келіндерім де қазақ».

Кездесуде қазақтану мәселесінде этномәдени бірлестіктердің алар орны туралы да әңгіме өрбіді. Жастарды қолдауға бағытталған шаралар пысықталды. Жаңғыру жолы республикалық жастар қозғалысының төңірегіне түрлі этнос жастарын шоғырландыру міндеті бірлестіктің жетекшілеріне жүктелді. Жастар қанаттарының алдындағы міндет білікті маман ретінде шыңдалып туған өлкесінің өркендеуіне үлес қосу.