Бөтелкелесін пышақтап тастады

Semeyainasy

Үстіміздегі жылдың 11-ші шілде күні сағат шамамен түнгі 23:00 шамасында Қайнар бұлақ елді мекенінде қайғылы оқиға орын алды. Мұнда екі ер азамат бірге спирттік ішімдік ішіп отырып сөзге кеп қалған. Мас халде болған азамат қасындағысын басынан соққы жасаған. Соның салдарынан ашуы шығып, бөтелкелесіне асханалық пышақпен бүйрек тұсынан сұғып алған.

Алғаш болып айқайды естіген көршілері болған. Олар лезде жедел-жәрдем шақырытып, полицияға хабарлаған. Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы ауыр. Пышақталған азамат көп қан жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері жәбірленушіні ауруханаға әкетті.