Úı Jańalyqtar Ішімдік пен темекінің сатылуына қарсы рейдтік шаралар жүргізілуде

Ішімдік пен темекінің сатылуына қарсы рейдтік шаралар жүргізілуде

фото МАПБ
Мақтаарал ауданы АПБ қызметкерлері мен Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Жаңажол ауылдық округінде ішімдіктің және темекінің сатылуына тыйым салыну бойынша дүкендерге рейдттік шаралары жүргізілді.
Бұл рейдтік іс-шаралардың мақсаты жастардың спирттік ішімдіктен және зиянды заттарға әуес болудың алдын алу.
Іс-шара барысында дүкендерге алкогольдік ішімдік және темекі сатпаулары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге тыйым салынған заттар сатылған жағдайда қатаң жазаланатындығы туралы ескертілді.