Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан

904

Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан. Кене шағуға қатысты оқыс жағдайлардың жартысынан астамы малы бар үйлерде тіркелген. Дей тұрғанмен ауылшаруашылығы саласының басшысы Серік Тұрбеков бұл орайда басқарма жұмысына кінә артуға болмайды дейді. Себебі, бұл құрылым кене жайламас үшін малдарды, қора-қопсылар мен суаттарда өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Улы жәндіктер саябақтар мен шомылу алаңшаларында да жиі кездеседі дейді. Дегемен, бұл мәселе алаңдатарлықтай, қазір тиісті министрлікпен бірлесіп, нақты шараларға кірісіп жатырмыз деп сендірді.

Серік Тұрбеков, Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: «Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 387 жағдайға көбейіп отыр. Ойланатын мәселе. Қазір біз жауапты мекемелермен жұмыс істеп жатырмыз.
Айта кетейік, былтыр конго-қырым қанды қызбасын туғызатын кенелер 8 адамды шаққан. Оның екеуі қайтыс болған. Биыл жәндіктердің осы түрінен зардап шеккен 4 адамның бірі көз жұмған».