Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бақыт туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Ақорданың баспасөз қызметі Инстаграм желісінде Елбасымен болған шағын бейнесұхбатты жариялады. «Бақыт басыңда мәңгілік тұра бермейді. Көпшілік адамдар бақытты мәңгі бақи орнайтын құбылыс ретінде бағалайды. Ал, расында бақыт деген ол бір мезет қана. Балаларың мен немерелерің келіп, жұп-жұмсақ алақанымен мойныңа асыла кеткен сәтті нағыз бақыт деуге болады. Мен жақында ғана осы туралы оқыған едім. Лондондағы университеттердің бірінде арнайы зерттеу жүргізу үшін 15 мың адамға «Бақыт деген не?» сауал қояды. Сонда нағыз бақыттың бірінші кезекте отбасы мен балалар екені айтылған».