Нью-Йорктік полицей Димаш Ниязов үйленді

418
lightning_dimi

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов шаңырақ көтерді. 13 жасында АҚШ-қа қоныс аударған Қазақстан тумасы неке қия рәсімінен суреттерді Instagram-дағы парақшасында жариялады. Қазақ жігітінің сүйіктісінің есімі – Дженнифер.

Оның қуанышымен бөліскендер парақшасына ыстық лебіздерін жаудыруда. Димаш Нью-Йорк қалалық полиция департаментінде жұмыс істейді. 2017 жылы ең үздік полицей атанды. Сонымен қатар бокспен де әуестенеді. Темір жұдырықты полицей бүгінде көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген. Оның әлеуметтік желідегі парақшаларын ұдайы бақылап жүретіндер көп.