14 шілдеден бастап күшіне енген зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға өзгерістер енгізілді. Енді пәтері мен көлігін сатқан қазақстандықтар, одан түскен пайдадан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна аударуға міндеттелді. Бұл туралы uchet.kz порталы хабарлады деп жазады NUR.KZ.
Қазақстандықтар пәтер немесе көлік секілді жеке мүлікті сатудан түскен кірісінен БЗЖҚ-ға беруге міндеттеледі.
Заңда бұған дейін тек қызмет көрсетулерге қатысты табыстың 10 пайызы зейнетақы қорына төленуі тиіс деген пункт болған. Алайда бұл пункт алынып тасталып, енді азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша барлық табыстардан қорға жарна аудару қажеттігі сөз етілген.
Яғни, осы жылдың 14 шілдесінен бастап, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс тапқан жеке тұлға кірісінің 10 пайызына тең зейнетақы жарнасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті болмақ.
Алайда жарна айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызынан төмен (2018 жылы АЕК — 28 284 теңге) және 75-еселенген АЕК-тің 10 пайызынан жоғары болмауы тиіс.
«Заңнама өзгерістеріне сәйкес, 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап қазақстандықтар пәтер немесе көлік секілді жеке мүлкін сату кезінде зейнетақы қорына жарна төлеуі тиіс деуге болады», — деп жазған Uchet.kz порталы.