Партисипативтік келісім бекітілді

552

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында адвокаттардың қатысуымен талап қоюшы Г.У.-дің жауапкерлер А.Г. мен А.К.-ға сыйға тарту келісім шартын жарамсыз деп тану және жылжымайтын мүлікті ерлі-зайыптылардың арасындағы бірлескен ортақ мүлікі деп тану туралы талап қою арызы бойынша партисипативтік келісім бекітілген. 

Г.У. талап қою арызында сыйға тарту келісім шартын бұзуды және  Шымкент қаласы 194 орамда орналасқан тұрғын үйді және жер телімін  ерлі-зайыптылардың арасындағы бірлескен ортақ мүлік деп тануды сұранған.

Істі қарау барысында тараптардың адвокаттары келесі шарттар бойынша партисипативтік келісімді бекітуді сұранған. Жауапкер А.Г. 2018 жылдың 01 тамызға дейін жауапкер А.К.-ның арасында түзілген сыйға тарту келісім шартын бұзуға міндеттеме алады, ал талап қоюшы өз талап қою  арызынан бас тартады. Сондай-ақ, талап қоюшы Г.У. мен жауапкер А.Г. ерікті түрде тұрғын үй мен жер телімін бірлескен ортақ мүліктері екенін мойындады. 

Соттың ұйғарымымен тараптардың адвокаттарының араларындағы түзiлген, партисипативтік келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, іс бойынша iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі