Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына келер жылы 40 жыл толады. Атаулы датаға орай мұнда аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық бюджеттен бөлінген 200 млн.-ға жуық қаржыға демалыс орнының қақпасы, атауы латын әріпімен жазылып, қасбеті аумағы жарықтандырылады. Құрылыс барысында жас жұбайлар алллеясы да жаңаланады деп жоспарлануда. Төмен жақтағы 4 гектар аумақтағы көлдің жағалауындағы жүру, жүгіру жолдарына жаңа плиталар төселеді.
Бейбіт Мошқалов, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы директорының міндетін атқарушы: «Демалушыларға жағдай жасау мақсатында дендрологиялық саябақтың А. Байтұрсынов көшесі жағындағы бөлігінде бүгінде тағы бір қақпа соғылуда. Мұнда 100 көлікке арналған тұрақ қарастырылуда. Бәйдібек даңғылы бойындағы көлік тұрағының алаңы тағы 300 метрге созылмақ. Тағы бір жаңашылдықтардың бірі демалыс аумағында қауіпсіз нүктелер пайда болады. Егерде демалушының денсаулығы сыр берсе, не дендрологиялық саябақта өрт, не келеңсіз жағдайлар орын алса, нүктені басса болды, қызметкерлер сол орынға электромобильмен жетеді. Жастар көп келетіндігі ескеріліп, «уай- фай», дойбы тақтасы, шахмат үстелдері де орнатылмақ. Балалар және спорт алаңдары да қарастырылуда».
Жастар аллеясындағы су бұрқағы айналасындағы плиталардың орнына табиғи тастар жайғастырылады. Көл аумағындағы жаяу жолдарда да плиталар ауыстырлады.
Жоспарда ескірген және қураған ағаштар мен бұталарды есепке алып, оларды кесіп, ұжымдағы аз қамтылған отбасыларға отын ретінде үлестіру де қарастырылған. Жөндеу жұмыстары салдарынан туған ыңғайсыздықтар үшін дендросаябағының басшылығы шымкенттіктер мен қала қонақтарынан кешірім сұрайды. Құрылысты екі мердігер ЖСҚ көрсетілген мерзім — қарашадан бұрын яақтауды жоспарлауда. Қала тұрғындарының сұранысы бойынша демалыс орнындағы кассалар түнгі 24:00 — ге дейін жұмыс істейді. Билет құны — 25теңге.
Айта кететін жәйт, дендрологиялық саябақтың аумағында 95 мыңға жуық жасыл желектің 84 мыңы ағаштар болса, 11 мың жас талдар. Соңғы рет осында жүргізілген есеп бойынша демалыс аумағында жалпы ағаштардың 230 түрі бар екен. Дендросаябақ ұжымы шымкенттіктер мен қала қонақтарының жақсы тынығуына жағдай жасауда. Сондықтан да, демалушылар да түсіністік танытып, мәдениеттілікті сақтаса. Өйткені, бұл нысан Шымқаланы оттегімен қамтып отырған ортақ құндылығымыз.