Шымкент қаласында жасөспірім суға кетіп, мерт болды. 23 шілдеде Қаратау ауданына қарасты Мәртөбе ауылында сағат 21:48-де жасанды су айдынында 2003 жыдлы туылған жасөспірім суға батқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Сол күні жедел-құтқару жасақтың 5 құтқарушысы жасөспірімнің денесін тауып, судан шығарған. 15 жасар бозбаланың суға түсуге арналмаған орында шомылғаны белгілі болды. Оқиғаның себептерін Қаратау ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.
Шымкент қаласында шомылу маусымы басталғалы берігі уақытта 4 жазатайым оқиғасы тіркелген, барлығы шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алған. Шымкент қаласы ТЖ департаменті тыйым салынған және белгісіз жерлерде шомылмауды ескертеді. Мұндай аймақтарда суға сүңгу өте қауіпті.