Шымкенттегі өрт оқиғасында 12 адам эвакуацияланды

154

Шымкентте тағы да өрт оқиғасы тіркелді.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шұғыл кезекшілердің басқару пультіне 2020 жылдың 11-ақпанында, таңғы сағат 06:35-те хабар түскен. Онда Айбергенов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің подъезінде 2-қабаттан 5-қабатына дейін электрощиттері өртенгені туралы айтылған.Оқиға орнына шұғыл жеткен төтеншеліктердің айтуынша, өрттің көлемі – 2 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын таңғы сағат 06:54-те қайтарылып, сағат 06:56-да толығымен сөндірілді. Бұл үшін Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 20 адам жеке құрамы және 6 техника жұмыс жасаған.

Сондай-ақ, алауды ауыздықтаған  өрт сөндірушілер сол маңнан 12 адамды эвакуциялады, оның ішінде 7-уі  – бала. Ал өрттің нақты шығу себебі әзірге белгісіз, бірақ алдын ала болжам бойынша – электрощиттегі сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.Осы орайда Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсздік қағидаларын сақтауға шақырады. Және электрщиттегі сымдарды уақытылы ауыстырып, жөндеу жұмыстарына тек қана сертифакаты бар арнайы мамандарды шақыруға кеңес береді.

Мөлдір Бекеева