Шымкенттегі жеті шатқалға егілген ағаш көшеттерінің саны 79 мыңға жетіпті. Аумағы 124 гектарды құрайды. Дарақты аптап ыстықтан сақтап қалу «Жасыл аймақ» мекемесінің жұмысшыларына жүктелген. Бір ғана «Шымсая» шатқалында 4 ұңғыма қазылып, көшеттер суғарылып жатыр.
Сай ішіне алғашқы көшет өткен жылдың қаңтар айында отырғызылыпты. Бүгінде мұнда 6 мың түп тал дарақтар бар. Сала мамандарының айтуынша ағаштар 90 пайызға жерсінген. Күтіп ұстау үшін тереңдігі 110 метрлік төрт ұңғыма қазылыпты, нәтижесінде 70 сотықтағы көшеттер тамшылатып суғарылады екен.
Естеріңізге салар болсақ, қала аумағындағы сай саланы игеріп, демалыс аймағына айналдыру жобасын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған болатын. Бірнеше дүркін сенбілік өткізіліп,иәрбір қала тұрғыны көшет егуге атсалысты. Көшеттердің саны сексен мыңға жуықтапты.
Нұрлан Күдерұлы