Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдері Өзбекстанға экспортталуда

686
ontustik.gov.kz

Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына жөнелтілетін ауыл шаруашылығы өнім көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда өңірден көрші елге ұн, ет, май өнімдері экспортталуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 6 айында облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге артқан. Республикада өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 14,6 пайызға жетіп, 2-орынды иеленіп отыр. Ал ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап 18,2 пайызға артып отыр.

2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4686,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34 пайызды құрады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда өңірде 60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде.