Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында еңбек келісімшарты жасалғанымен көп жағдайда аталған құжатты мән беріп оқитындар аз. Оның үстіне кей жағдайда екі арада түсініспеушіліктер туындап жатады. Мәселен, түнгі ауысымда жұмыс істейтін мекеме жұмысшылары арасында өз құқығын білмейтіндер аз кездеспейді.
Негізінде сағат 22:00-ден 6:00-ге дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелетіні белгілі. Осы уақыт аралығында жұмысқа кез-келген жұмысшыны тартуға болмайды. Мәселен, түнгі уақытта он сегіз жасқа толмағандарға, жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді. Сондай-ақ, мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақыта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ған жол беріледі.
Жұмыс берушінің де өзіндік міндеттері бар. Жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.