Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамыту мақсатында «Диспетчерлік қызмет орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 100 пайызға кеңейтуді жоспарлап отыр.
Серіктестіктің үлесін кеңейтудің негізгі мақсаты қаладағы жолаушылар тасымалдау сапасын жақсарту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін серіктестік мына қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
Отандық өндірушілерден лизингке автобустар алып, қалалық жолаушы тасымалдаушы компанияларға жалға беру, қалалық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жұмысын ұйымдастыру, көлік саласындағы озық әдістер мен үлгілерді енгізу негізінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдау мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, өндірістік көрсеткіштерді есепке алу және талдау жүргізу, жолаушылар көліктерінің желісін тиімді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау.
Сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда жариялау сәтінен бастап 30 күн ішінде shymdor@mail.ru электрондық поштасына жазуыңызға болатынын назарыңызға саламыз. Байланыс телефоны: 39-36-89.