Ағымдағы жылдың маусым айында Түркістан облысы ІІД Арыс АІІБ-не жергілікті жердің тұрғыны түнде үйіне белгісіз біреулер кіріп, ақша, телефон және ноутбугін ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған, деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығынның сомасы шамамен жарты миллион теңгені құрады. Аталған жайт СДТБТ-не ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабы бойынша тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс АІІБ полиция қызметкерлері Ордабасы ауданының тұрғынын күдікті ретінде ұстаған. Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ полицейлер жас азаматтың Шымкент қ. жасалған екі ұрлыққа қатысы барын анықтады. Тергеу амалдары жүргізілуде.