Аудан әкімдерінің қабылдауына келетіндердің қатары азайды. Шаһар басшысының тапсырмасымен әкімдер күнделікті жұмысын қабылдаудан бастайтын. Таңғы тоғыз бен онның арасында халықпен кездесіп, көтерген сауалының шешу жолын қарастырады.
Бүгін Еңбекші ауданы әкімінің жеке қабылдауына ешкім келмеді. Айта өтейік, аудан әкімі Ғалымжан Ильясов осы күнге дейін 14 тұрғынды қабылдапты. Олардың өтініш тілектерінің 10-ы дер кезінде шешімін тауып, 4 мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Көпшілік көбінесе әлеуметтік жағдайын айтып, көмек сұрай келеді.
Нұрлан Күдерұлы