Әскери шенді саудалаған экс-басшы сотталды

409

Қызылорда облысының Қорғаныс істері департаментінің экс-басшысы Мұрат Дәулетбахов сотталды. Бұрынғы әскери шенді алаяқтық және парақорлық үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен 15 млн. 400 мың теңге айыппұл төлейтін болды.

Шымкент гарнизонының әскери соты экс-басшыны бірнеше рет пара алғаны үшін және жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаның алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
2017 жылдың қазан-желтоқсан айларында М.Дәулетбаховтың Қызылорда облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы қызметін атқара отырып тәртіптік жауапкершіліктен жалтару, қамқорлық таныту, әскери шенді ұсыну үшін қарамағындағы қызметкерлерден жүйелі түрде ақша жинап келген.

Әскери шенді сатып алған полковник Нұрлан Теңізқұлов пен майор Нұржан Баетов те сотталды. Пара бергені үшін кінәсі дәлелденіп, 20 АЕК төлеуге, яғни 1 млн. 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге сот үкімі шықты.

Полковник Мұрат Айдаров та военкомға қызметкерлерден пара жинап делдал болғаны үшін айыпты деп танылды. Полковник 10 АЕК көлемінде яғни, 350 мың теңге төлейтін болды. Барлық сотталушылар әскери атақ пен әскери қызметтерінен айырылды.

Жанар Есенбекова