БҰҰ-ның дерегінше, кәмелетке толмай тұрмысқа шығатын қыздардың жұбайлары өздерінен кемінде 10 жас үлкен болады екен, деп жазады qamshy.kz. Жыл сайын Қазақстанда 3000-ға жуық 18-ге толмаған жас қыздар тұрмысқа шығады. Бұл жайында БҰҰ Халық қоныстану қоры мәлімдеді.
Белгілі болғандай, кластерлік зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда әйелдердің 8 пайызы алғаш рет 18 жасқа дейін ресми және азаматтық некеге тұрған, оның ішінде 5 пайызы 15-19 жасында өздерінен 10 жасқа үлкен ер адамдарға тұрмысқа шыққан.
Зерттеу барысында, сонымен қатар, кәмелетке толмай тұрмыс құрған қыздардың басым көпшілігі жыныстық, экономикалық және эмоционалдық тұрғыдан зардап шегеді және ұрып-соғудың құрбаны болады екен
«Бізге тым ауыр жағдайға түскен қыздар көп келеді. Күйеулеріне білдірмей хабарласады, кейбіреулері кеңсемізге келеді. Біз қолымыздан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз, дағдарыстық орталықтарға жібереміз, алайда ол қыздар орталықта тек аз күнге ғана қала алады», — дейді аталмыш қордың маманы.