Алдағы уақытта кәсіпкерлер белгіленген үлгідегі бақыланатын (сәйкестендіру) белгілері жоқ тері бұйымдарын өткізуге құқығы жоқ.
2017 жылғы 27 қараша тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын. Осылайша, өткен жылдан бері яғни, бір жыл ішінде еліміздегі ішкі нарықта 236 487 бірлік тері бұйымдары таңбаланды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген тері бұйымдары нарығының субъектілері саны 942 салық төлеушіні құрады. Таңбалау жүйесін енгізудің басты оң әсерінің бірі – тері бұйымдары нарығы айтарлықтай анық бола бастады, тиісінше, ол туралы неғұрлым объективті көрінісі қалыптасты.
Таңбалау жүйесін енгізудің оң аспектісі, сондай-ақ, кедендік төлемдер түсімінің өсуінде көрсетілген фискалдық, сондай-ақ нарықтық субъектілерді заңдастыруға жанама болып табылады. Осыған байланысты, заңнама нормаларын бұзған және таңбаланбаған тері бұйымдарын өткізген жағдайда, сатып алушылардан 1412 нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласуына болады.