Қымбат тон ұрлаған қарақшы құрықталды

385

Тамыз айының басында Арыс АІІБ-на Арыс қ. тұрғыны арызданды, онда үйіне белгісіз біреулер терезе арқылы кіріп, қымбат тонын, алтын бұйымдары мен басқа да бағалы заттарын ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын сомасы миллион теңгеден асқан. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша полиция бөліміне СДТБТ-не тіркелді, деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Арыс АІІБ-ның полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында үй ұрысы пәтер ұрлығы мен мал ұрлығының 15-тен астам жайтына қатысы бар болып шықты. Осылайша, ағымдағы жылдың маусым айында күдікті Арыс қ. басқа тұрғынының үйіне кіріп, жалпы сомасы шамамен 9 миллион теңге болатын тон, күміс бұйымдар мен бағалы заттарын ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 9 миллион теңгені құрады.
Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті сотталды. Полицейлер ұсталғанның осыған ұқсас жасалған қылмысқа қатысы барын анықтауда.