30 миллион теңге тұратын дизель отынын ұрлағандар ұсталды

330

Созақ АІІБ кезекші бөліміне фирма өкілдерінің бірі арызданды, онда жұмысшылар жанғыш заттар ұрлығымен айналысады деп көрсетілген. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-тіркелген, деп хабарлайдыТүркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Созақ АІІБ полицейлері күдікті ретінде Созақ ауданы мен Алматы қ. екі тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ұсталғандар жанғыш заттар қоймасында жұмыс істеп, дизель отыны ұрлығымен айналысқаны анықталды. Олар ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 30 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.