Шымкенттіктер 15 миллионға 3-4 бөлмелі пәтер сатып алу мүмкін емес деп шағымданды. Шаһарға іссапармен келген депутаттар бұл проблеманы Үкіметтің алдына қоюға уәде берді. Елбасының Бес әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылуын бақылауға келген республикалық Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселені талқылады.

Фронт кеңсе меймандардың көңілдерінен шықты. Мұнда келгендерге кеңес беріп қана қоймай, сала мамандары жол сілтейді. Қазір Елбасының өзі қолдаған “7-20-25” мемлекеттік бағдарламасына қатысу жолдары түсіндіріліп жатыр. Әрбір келушіге баспаналы болудың жолдары үйретіледі.

Бағдарлама аясында кездесіп жатқан күрделіліктер де бар. Тексеруші топ мүшелері әр өңірде, әр түрлі мәселе көтерілгенін айтады. Шымкентте баспанаға қойылған шектік бағам 15 миллион теңгені құрайды, бұл бағдарламаға қатысушыларға ең бірінші келтіріліп отырған кедергі дейді мамандар. Сондықтан да мегаполистегі үй бағасын 25 миллион теңгеге дейін көтеріп беруді сұранады. Сонда ғана қатысушылар саны артатынын жасырмай жеткізді.

Құрылысшылардың да қосары бар. АҚШ доллары қымбаттаған сайын құрылыс материалдарының құны өсіп жатыр. Бұл қолжетімді баспана аясында үй салып жатқандарға ауыр тиіп отырғаны бар. Кәсіпкерлікті дамытуға кедергісін келтіріп отырған түрлі проблемалар “Атамекен” кәсіпкерлік палатасында өткен кездесуде көтерілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері мен Парламент Мәжілісінің депутаттары жиында көтерілген бірде бір мәселені назардын тыс қалдырмады. Жинақтап, Үкіметке жеткізетдерін айтты.

Шынар Оразова