«7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 трлн. теңгеге ипотека рәсімделген

29
фото Ашық дереккөз

Ұлттық банктің баспасөз қызметі «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 73 161 қарыз берілді деп хабарлады. Ағымдағы жылдың  28 наурыздағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 несие берілген.

Ең көбі Астанада — 418,2 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда 231,7 млрд теңгемен Алматы және 67,5 млрд теңгемен Шымкент тұр. «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса,

Қазақстанның орнықтылық қорына  + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.