«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туғанына 173 жыл толуына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты фото-кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды»Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің баспасөз қызметі.
Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар жинақталған. Одан бөлек, Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», «Хикмет кітабы», Абай туралы естеліктер, Абай әуендері, С.Оразалиновтың «Абай елі» кітабы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы сынды түрлі басылымдар қойылды.
Көрмені Түркістан қаласының 50-ден астам мектеп оқушылары, сонымен қатар Ақтөбе қаласынан келген қонақтар тамашалады.Шара соңында көрмеге келген меймандарға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспа өнімдері мен «Ясауи мұрасы» газеті сыйға берілді.