Күн қатты ысиды

633
sputniknews.kz

Алдағы күндері өңірімізде ыстық ауа райы сақталатыны туралы «Қазгидромет» мамандары ескертеді. Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 10 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 метрге жететін жел тұрып, шамамен 41 градус қатты ыстық болатынын ескертеді.

Алдағы 10 күндікте Шымкент қаласында күн ыстық болады. Еске сала кетейік, мамандар осыған дейін еліміздің солтүстігінде күн суытатынын хабарланған еді. «Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, 11 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр күтілуде.

Әйгерім Айтмұхамбетова