Кәсіпті қалай дамытуға болады?

621

Кәсіпті қалай дамытуға болады? Бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жолы қайсы? Осы және өзге де сауалдарға шымкенттік кәсіпкерлер жауап іздеді. Қаржы министрлігі өкілдері мен білікті сарапшылар да отандық бизнестің өркендеуіне жол ашатын жәйттерді саралап шықты.

Бәсекелестік қыз-қыз қайнаған ортада бизнесті сақтап қалудың жолы қайсы? Қаржылық қиындықтар туындағанда нендей тәуекелдерден бас тарту қажет? Әрине, Шымкенттегі шағын және орта бизнестің дамуы көпке үлгі. Дегенмен, бұл тұста түйіткілдер аз емес.

Цифрландыру. Бүгінде бірте-бірте барлық салаға енгізіліп жатқан бұл әдістің бизнес үшін де көмегі орасан. Электронды жүйе ең алдымен жемқорлыққа тұсау салып, ашық бәсекелестіктікке жол ашады дейді сарапшылар.

Республикалық маңызға ие болған мегаполистің бизнес өкілдерін көп жаңалық күтіп тұр. Шаһарға биыл қомақты инвестиция тартылады. Тек іскерлерге қол байлау болатын кей әкімшілік кедергілер жойылса, бұл саланың асығы алшысынан түсетін күн де алыс емес.

Мақпал Рысбаева