Төлеби ауданындағы Киелітас ауылдық округіндегі кәсіпкерлердің коммерциялық нысандарына QR-код номерлі тақтайшалар орнату керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Достық елді мекенінің Астана көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарға QR-код номерлі тақтайшалар орнатылды. Әлі де бұл жұмыс жалғасады. Сұлтанрабат елді мекенінің қазіргі Қаражол көшесін Сауран деп өзгертуге ұсыныс берілді.
Ономастикалық комиссияның оң шешімі шықса, Сұлтанрабат елді мекеніндегі кәсіпкерлік нысан иелері Сауран деген атпен QR-код нөмерлi тақтайшалар ілінетін болады.