Мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алды

143

Қаладағы Адырбеков және Тәуке хан даңғылының қиылысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысқан. Мотоцикл тізгіндеген жүргізуші ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті.

Куәгерлердің айтуынша Daewoo Gentra көлігі басты жолда келе жатып Адырбеков көшесіне қарай бұрылған. Осы кезде Тәуке хан даңғылында қатты жылдамдықпен келген мотоцикл соқтығысқан. Нәтижесінде екі көлік те жарамсыз болып қалды.