Фото Infomedia.kz

Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының қабылдауына жазылғыңыз келсе. Ескертеміз, облыс мәслихатының аппараты   мекенжайын ауыстырды. Олар Түркістан қаласына көшті. Бұл жөнінде шешім жақында өткен облыс мәслихатының  кезектен тыс 29-шы сессияда қабылданған болатын.

Түркістан облыстық мәслихаты  аппаратының  жаңа  мекенжайы:

161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, 28.

/Қожа Ахмет  Яссауи  кесенесінің  төңірегіндегі ғимаратта орналасқан/.

Естеріңізге сала кетейік,  осыған дейін облыс мәслихаты аппараты «Нұрсәт» шағынауданы, әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі ғимаратының  екінші қабатында жайғасқан болатын.