Орындықты қайтармай жүр

337

Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайтына қатысы бар күдіктіні ұстады. Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда бейтаныс адам орындық маталарын ауыстырып беремін деп, ақшасын алып, алайда уәдесін орындамай қашып жүргенін көрсеткен, деп хабарлайды Шымкент ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында шамамен 25-30 жас аралығындағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың жәбірленушіден әрқайсысы 25 000 теңге тұратын 16 дана орындығы мен 40 000 теңге ақшасын алып кетіп, осы уақытқа дейін қайтармай жүргенін анықтады. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы тексерілуде. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен жарты миллионды құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп–тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.