Шымкент қаласының Әкімі Ғабидолла Әбдіраxымовтың өкімімен Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан облысы спортына басшылық жасаған  37 жастағы  Әлібек Нұрбайұлы  ҚР спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы,»Құрмет» орденінің иегері. Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімі апаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Әлібек Нұртаевты таныстыра келе,оның  облыс спортына басшылық жасай жүріп ол Азия ойындарында алты алтын, Рио олимпиадасында ауыр атлет Жазира Жаппарқұл 1 күміс, дзюдошы Галбадраx Отгонцецек 1 қола медальді, Бүкіләлемдік Универсиада ойындарында 2 алтын,1 күміс,1 қола медалді  жеңіп алғанын атап өтті.

Бұқаралық спорт пен жастар арасындағы спартакиадада бас жүлдеге иелік еткен басшының қала спортын көтеруде де табысты болуына тілектестігін білдірді.