Шымкент қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Манкешова Тоғжан Жалғасқызы тағайындалды.
Тоғжан Жалғасқызы осыған дейін Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары-әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия хатшысы болып қызмет атқарған.
1982 жылы 8 наурызда Атырау облысында дүниеге келген. 2003 жылы — Орта-Азиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2016 жылы — Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бойынша бітірген.
19.11.2003 — 24.04.2006 жж. — жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
04.05.2008 — 25.03.2010 жж. — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң департаментінің заң басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
25.03.2010 — 08.11.2010 жж. — Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау бөлімінің ХҚКО мәселелері бойынша бас инспекторы, Ақтау қаласы;
08.11.2010 — 02.09.2013 жж. — Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі, Ақтау қаласы;
02.09.2013 — 08.04.2015 жж. — Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, Ақтау қаласы;
08.04.2015 — 13.07.2018 жж. — Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы, Ақтау қаласы;
16.07.2018 — 05.04.2019 жж. — Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Ақтау қаласы;
10.04.2019 — 30.09.2021 жж. — Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті еңбек көші-қонын мониторингілеу басқармасының басшы, Астана қаласы;
01.10.2021 — 08.02.2023 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас сарапшысы, Астана қаласы;
08.02.2023 — 19.06.2023 жж. — Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің бас сарапшысы, Астана қаласы;
19.06.2023 — 03.01.2024 жж. — Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарған.