Шымкентте тұрғын үйлерге қарақшылар шабуылдады

283

Өңірлерде тұрғындардың үйлеріне қарақшылық шабуыл жасалғаны тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Шымкент қалалық ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері бір күн бұрын қала тұрғынының жеке үйінен 1 миллион 700 мың теңгені қолды еткен ер адамды ұстады. Қостанай қаласында да тәртіп сақшылары тұрғынның жеке үйіне шабуылдап, 700 мың теңгесін және тіркелген аңшы мылтықтарын алып кетті деген үш күдіктіні ұстады. Қарулар тәркіленді.

Қазіргі кезде қылмыскерлерді ұстау үшін шұғыл шаралар жүргізіліп жатыр.