Фото 24.kz

2018 жылғы 14 тамызда Бадам су қоймасын патрульдеу кезінде Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары Қ.Қыдырбаев және О.Абай жағадан 30 метрден ары жерде суға батып бара жатқан және жанталасып құтқаруға шақырып жатқан қызды байқайды. Шұғыл жетіп келген құтқарушылар бақытсыздықты алдын алды. Жедел түрде құтқарушылар қызды судың бетіне шығарып, жағаға жеткізді, деп хабарлайды 24kz.

Құтқарған сәтте қыздың жағдайы қанағаттанарлық болып, ол медициналық көмектен бас тартты. Хаттаманы толтыру барысында қыз бала өз күшін есептемей, жағадан алыс жүзіп кеткені анықталды. Бірталай арақашықтықтан жүзіп өтіп, оның күші таусылып, суға бата бастаған.

Құтқарушылар онымен судағы қауіпсіздік жүріс-тұрыс қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шомылу маусымында құтқарушылар Шардара және Бадам су қоймаларында 5 адамды құтқарған.