Шымкент зообағындағы жасанды көл қайта қалпына келтірілмек

1388
Фото Шымкент зообағы

Ашылғанына ширек ғасырдан астам уақыт болған Шымкент зообағы бүгінде қалалықтардың ең сүйікті мекеніне айналған. Жаңғыртудан өткізілген зообақ аумағы жыл сайын жаңа аңдармен толығып келеді.

Оның үстіне зообақта жыл сайын көптеген өзгерістер орын алуда. Зообақ аумағында бұрын жасанды көл болған. Алдағы уақытта ол жерде жаңа көл пайда болмақ. Сондай-ақ, ол көлде арал салынады. Аралда арнайы құстарға ерекше стильдегі қорған тəрізді ұялар болады.

Жасанды аралдың дайын макеті расында көзтартарлықтай. Жасыл желекке көмкерілетін аралда құстарға арналып салынған ұяшықтардың өзі ескі қорғанды еске түсіреді. Көлдің екінші жағалауына өту үшін арнайы аспалы көпір де салынатын болады. Көпірде екі қорған секілді демалыс орындары қарастырылған.