Шымкенттік 12 жасар суретші әлемді мойындатты

483

2 жылда бір рет өткізілетін «Mitsubishi Asian Childrens Enikki Festa» байқауына қатысып, Гран-при иегері атанды. Өнерімен әлемді мойындатқан Сәуле Убайдулла көркем сурет мектебінің оқушысы. Тума талантты бағалай білген жапондықтар жас суретшіні арнайы шақыртып, марапаттау шарасын өткізген. Ал жерлестері жат елде жұлдызы жанған Сәулені бар сән-салтанатымен күтіп алып, құрмет көрсетті.

Сәуле Убайдулла, жас суретші: « Жапония қаласынан «Mitsubishi Asian Childrens Enikki Festa» жарысынан марапаттау салтанатынан келіп отырмын.Бұл жарысқа негізінен 22 елден «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан» керемет суретшілер таңдалып алынып барлығы да марапатталды. Көп көп рахмет Күншығыс елі өте әдемі екен».

Айта өтейік, Сәуле Убайдулла бұған дейін де талай додада топ жарған. Қыл қаламымен әлемді мойындатқан суретшінің арманы көп тілді меңгеріп, өз тіліне құрмет көрсету. Соныдқтан болар, Жапон елінің тілін санаулы күнде меңгеріп алыпты.

Әйгерім Айтмұхамбетова