«Түнгі сотта» мәселе тез шешіледі

347

Шымкент қаласында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жобаның жүзеге асуына жиі бұзылатын жол қозғалысы ережелерінің көбеюі мен түнгі уақытта орын алатын ұсақ бұзақылықтың көбеюі себеп болған. Түнгі соттың қаралуына түскен материалдар қандай? Келтірілген шығындар қалай өтеліп жүр?

Тәулігіне 10-нан аса жол көлік оқиғасы тіркеліп жатыр. Мәселен, кезекті жол көлік оқиғасы Бәйдібек би даңғылында орын алған. Мұнда 4 автокөлік соқтығысқан. Айдың күннің аманында кінәлі жүргізушінің кесірінен үш автокөлік иесінің басына мәселе туындады. Ара қашықтық сақтамаудың салдарынан болған жол көлік оқиғасы болған жерге жауапты инспекторлар шақыртылды.

Міне, осындай кез -келген жол көлік оқиғасынан кейін жәбірленуші тарап соттың шешімін екі ай күтуіне тура келетін. Рас, шешім шығарылған соң қажетті құжаттарды арқалап, сақтандыру компанясына өткізеді. Ол жақтан да ақшаны алу үшін тағы екі апта күтуге тура келеді. Одан соң көлікті жөндетуі тағы бар. Сонымен жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушілер 3 айға жуық жаяу сандалып жүріп қалатыны ақиқат. Жоғарғы соттың бастамасы мен пилоттық жоба істі қарау мерзімін қысқартып, дер кезінде азаматтардың құқығын қорғау шараларын қолға алуға мүмкіндік береді.

Күндіз көлігін соғып алған азамат міне жоба аясында кешкі уақытта іс қаралып шешім шығарылды. Енді алдағы бір жетінің ішінде ол келтірілген шығынды өтеп алуға мүмкіндік алып отыр.

Тәжірибеге сүйенсек, бұл санаттағы істер бірінші сатыда-ақ шешімін тауып кетеді. Сирек жағдайда ғана апелляциялық шағымдар келтіріледі. Демек мұнда кінәсін толық мойындаған тараптың ғана істері қаралуға жатады.

Жол ережесін бұзу, ұсақ құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық зомбылық сияқты қылмыстар санының көбеюі осындай бастамаға сеп болған. Былтыр осы санаттағы істер саны 735 болса, оның 252-сі түнгі уақытта орын алған. Егер жоба қолдау тауып оң нәтиже беретін болса түнгі соттың келешегі заңды түрде бекітіледі.

Ернар Балабеков