Түстік жұрты мәдениет жанашырынан айырылды

766

Бүгін түстік жұрты мәдениет жанашыры Несіпханым Камалованы жер қойнына тапсырды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Несіпханым Камалова кеше дүние салған болатын.

Бүгін Сайрам ауданы, Қарасу ауылындағы өз шаңырағында өткен жаназасына Аяулы ұстаз, мәдениет жанашыры Нәсіпханым Камалқызын ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне ағайын туыстары, әріптестері мен құрбы құрдастары көптеп жиналды.

Жиналған қауым марқұмның жақындарына көңіл айтып, жарқын бейнесін еске алды. Батыс Қазақстан облысының тумасы Несіпханым Камалова ондаған жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет, педагогика салаларында аянбай тер төкті. Ол универститетте «Режиссура » мамандығын меңгерген талай жастың жолын ашқан ұстаз еді.

Облыстың түрлі мерекелік, ұлттық шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, сценариін жазып, режиссерлік етуде үлкен жауапкершілік танытқан азаматшаның еңбектері кітап, әдістемелік құрал ретінде тарады.

Қазақтың ұлттық құндылықтарын жастардың бойына сіңіру үшін тер төкті. Сондай-ақ, 25 жылдық тарихы бар «Отырар» телеарнасының да жанашыры болатын.

Шынар Оразова