Еңбек дауларын енді сотқа жеткізбей шешуге болады. Бүгін Шымкентте облыстық кәсіподақтар орталығы жанынан татуластыру орталығы ашылды. Кабинеттің қызметі еңбек жанжалдарын сотқа жүгінбей-ақ шешуге бағытталған. Татуластыру орталығында медиаторлар қызмет көрсетеді.

 

 

Берік Бекжанов, Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы: «Дауларды бейбіт түрде шешу және қоғамдағы даулардың деңгейін төмендету және басқа да дауларды татуласу тәртібімен шешу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттер қабылдау мақсатында облыстық сот және Кәсіподақтар орталығы татуласу орталығын ашуға шешім қабылдады. Кәсіподақтар орталығының ғимаратында медиация кабинетінің ашылуы азаматтар үшін ыңғайлы орында әрбір қызметкерге медиация туралы кеңес алуға мүмкіндік береді».

Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы жартысында татуластыру рәсімдерімен Шымкент қаласында – 442 азаматтық іс аяқталған. Оның ішінде медиациямен 119 іс, сот медиациясымен – 268, бітімгершілікпен – 38 іс біткен.

Мақпал Рысбаева