Кәсіподақ ұйымдарына құқықтық қаржылық сауаттылық туралы семинар өтті

729

Шымкентте халықаралық қор кәсіподақтарға арнап семинар өткізді. «Фриддрих Эбберт» атындағы халықаралық қордың қолдауымен «Аманат» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының республикалық кәсіподағы екі күндік басқосу өткізді.

Семинар тақырыбы «Құқықтық және қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік». Шымкенттің денсаулық және білім саласындағы белсенді кәсіподақтары семинарға атсалысты. Кәсіподақтар қызметінің құқықтық ержелері және ҚР Еңбек заңдылығы түсіндірілді.

Еңбек дауларын тұтана салып басу маңыздылығы сөз болды. Психологиялық маңызы талқыланды. Кәсіподақтар ұйымының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мүмкіндіктері айқындалды.