Заңсыз орнатылған 46 дүңгіршек алынды

413
Әл Фараби ауданы әкімдігі

Шымкент қаласы әкімдігінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес, Бейбітшілік көшесіндегі «Челси» кафесінің алдындағы бастырма иесіне, Әбдіразақов көшесі бойындағы дүңгіршекке және А.Байтұрсынов көшесіндегі «Жеміс-жидек» дүңгіршегі иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынды.

Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданы бойынша 46 заңсыз орнатылған дүңгіршек алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.