Шымкент ҚІІД Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда қала көшелерінің біріне тұрақтаған «ВАЗ» маркалы автокөлігін белгісіз тұлға ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада келіп, кілтті көлікте қалдырып кеткен жүргізушінің қамсыздығын пайдаланған азамат белгісіз бағытқа айдап кеткендігін анықтады. Бұл туралы Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлап отыр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат тәркіленіп алынды. Автокөлікті ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.