Úı ANONS Діни алауыздыққа үндеу тастаған күдікті ұсталды

Діни алауыздыққа үндеу тастаған күдікті ұсталды

фото ШПД
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ұлттық араздықты тудыру белгілері бар видео анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабымен “әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер” қылмыстық іс тіркелді.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.