Жаңа көтерме сауда базары ашылады

566

Шымкент қаласында жаңа көтерме сауда базары іске қосылады. Кіші айналма жолындағы Алматы бағытында бой көтеретін базарды жеке кәсіпкер өз қаржысына салады. Аумағы 7 гектар алқапта алып базар бой көтеріп жатыр. Жеке кәсіпкер өз қаражатына заман талабына сай сауда орнын салмақ.

Бүгінде құрылыстың 80 пайызы аяқталған. Сала мамандарының айтуынша жоспар бойынша Бәйдібек би көшесінің бойындағы “Күздеуов” көтерме базары жабылып саудагерлер жаңа базарға көшірілетін болады.

Бұл базар сатушыға да, сатып алушыға де өте ыңғайлы жерде орналасқан. Десе де кәсіпкерлердің жергілікті билікке айтқан өтініштері жарық, су, кәріз жүйесін жеткізіп берсе дейді.

Бұл базар негізінен көтерме көкөніс саудасына арналған. Ал екі қабатты ғимаратта азық түліктің түр-түрі де саудаланады деп сендірді кәсіпкерлер. Тек жаңа базарға көлік қатынасын қала басшылығы ойластырса деген тілектерін де жасырмады.

Нұрлан Күдерұлы